«Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 55 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 24 бұйрығы

«Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 55 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 24 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22891 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларында:

4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) заңды тұлғаларға трансферттер беру;»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Бәсекелес ортаға беруге орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функцияларын және берілуі мемлекет мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функцияларын қоспағандағы функциялары қаралады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.